Жариялау этикасы
«Қазақстанның ғылымы мен өмірі» журналының редакциялық саясаты жарияланым этикасы жөніндегі комитеттің журнал редакторларына арналған (Committeeon Publication Ethics: COPE, promoting integrity in scholarly research and its publication / COPE: Committee on Publication Ethics) ғылыми жарияланымдар этикасы қағидаттары жөніндегі нұсқаулықта баяндалған, ең басты мынадай талаптарды қамтитын ғылыми мерзімді басылымдардың дәстүрлі этикалық қағидаттарына бағдар береді:
Авторлар үшін:
- Авторлар туындыны қолдану құқығының аясын шектемеуге келісім береді.
- Автор(лар) сондай-ақ, журнал баспагеріне мерзімі бойынша (тегі, аты, әкесінің аты, білімі туралы мәліметтер, жұмыс орны және атқаратын қызметі туралы мәліметтер) шектеусіз өзінің дербес деректерін сақтау және өңдеу құқығын береді.
- Автор (лар) зияткерлік меншік объектілерін, авторлық құқық объектілерін ғылыми мақалада заңсыз пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес толық көлемде жауап береді.
- Автор (лар) журнал баспагерінің материалды плагиатқа тексеруге келісімін береді.
- Автор (лар) жіберілетін мақала бұрын еш жерде жарияланбағанын, жіберілмегенін және басқа ғылыми басылымдарға жариялау үшін жіберілмейтінін растайды.
Ұсынылатын мақалаларға қойылатын талаптар:
Мақала редакцияның талаптарына сәйкес рәсімделуі тиіс, мақала жөнелту кезінде оның жарияланбауы немесе басқа басылымның қарауында болмауы тиіс,түпнұсқа зерттеулердің нәтижелері болуы қажет,
- тек автордың/авторлық ұжымның жұмыс нәтижелерінің қамтылуы (басқа тұлғалардың қосылуына жол берілмейді). Мақала жіберілген кезде барлық авторлар осы журналдағы жарияланыммен келіседі және мақалада авторларды жариялау тәртібіне қарсы емес екені ескеріледі,
- дәйексөз тізімінде тек зерттеу барысында пайдаланылған рецензияланған дереккөздер болуы керек,
- мақалада барлық пайдаланылған дереккөздер (соның ішінде, автордың/авторлық ұжымның жұмыстары) көрсетілуі тиіс.
Рецензенттер үшін:
Журналда жарияланатын мақалалардың сапасын қамтамасыз ету мақсатында екіжақты «жасырын» рецензиялау рәсімі пайдаланылады. Рецензент үшін рецензиялау объектісі тек алынған зерттеулердің нәтижелері болуы керек.
- Рецензиялауға түскен әрбір қолжазба құпия құжат ретінде қарастырылады. Рецензент өз жарияланымдарында жіберілген қолжазбадағы материалдарды пайдалана алмайды. Рецензент материалды үшінші тұлғаларға тек бас редактордың рұқсатымен ғана жібере алады,
- Рецензент редакцияға жұмыстың объективті бағасын ұсынуы керек, қажет болған жағдайда жіберілген материалды жақсарту нұсқаларын ұсынуы қажет.
- Егер рецензент ол материал тақырыбының маманы болмаса, редакцияға хабарлап, материалды рецензиялаудан бас тартуы қажет.
Редакторлар үшін:
Бас редактор және редакция алқасының мүшелеріне келесідей міндеттемелер жүктеледі:
мақалалардың сапалық құрамына ерекше назар аудару, журналдың редакция алқасының отырыстарына қатысу, мақала бойынша рецензенттердің шешімдерімен келісім (немесе келісім емес) бойынша өзінің дәлелді шешімін айту, журнал нөмірлерінің мазмұнын анықтау бойынша шешім қабылдау,
- авторлардың географиялық әртүрлілігін кеңейту бойынша жұмыс жүргізу, әртүрлі ұйымдар мен елдерде жұмыс істейтін мамандарды жариялауға шақыру,
- автордың/авторлық ұжымның жынысына, ұлтына, дініне және басқа да жеке қасиеттеріне қарамастан қолжазбалардың зияткерлік мазмұнын бағалау.
- қолжазбамен байланысты авторлармен және ұйымдармен бәсекелестік, бірлескен және басқа да өзара іс-қимыл мен қарым-қатынас салдарынан қолжазбаларда кездесетін мүдделер болған жағдайда қарастырмау.
Журнал редакциясы үшін:
- Журнал редакциясы мақала авторларымен тікелей жұмыс істейді және ғылыми зерттеу нәтижелерін жариялау бойынша авторларға қызмет көрсету агенттіктерімен жұмыс жүргізбейді.
- Редакция авторлардың, редакторлар мен рецензенттердің этикалық емес мінез-құлқын анықтау кезінде қысқа мерзімде шешім қабылдауға міндетті.
- Авторлардың әдепке жат қылықтарына авторлар құрамын бұрмалау, жалған ғылыми мәтіндерді жариялау, оларды бұрмалау, дәйексөз келтірумен айла-шарғы жасау, заңсыз қарыз алу (плагиат), материалды басқа басылымдарға қатар беру жатады.
- Қолжазбаны қарау немесе оны басып шығару алдында дайындау процесінде автордың(лардың) әдепке жат мінез-құлқы анықталған кезде редакция қолжазбаны одан әрі қараудан алып тастауға және автормен ынтымақтастықты тоқтатуға құқылы.
- Журнал рецензенттері мен редакторларының әдепке жат қылықтарына мақала мәтіндерін авторлардың келісімінсіз басқа журналдарға беру, авторлар материалдарын үшінші тұлғаларға беру, авторлық құқықтарды, редакциялық процестердің құпиялылығы қағидатын бұзу, сондай-ақ, авторлармен және қолжазбамен байланысты ұйымдармен бәсекелестік, бірлескен және басқа да өзара іс-қимылдар мен қатынастар салдарынан мүдделердің болуына байланысты материалдарды қолдау жатады.
- Редакция бас редакторға, редакция алқасы мен редалқа мүшелеріне, рецензенттерге журналда жариялауға мүмкіндік береді, бірақ олар өз ережелерін қолдана алмайды. Барлық мақалалар, соның ішінде, арнайы басылымдардың жауапты редакторларының мақалалары да рецензиялау рәсімінен өтеді және журналдың редакция алқасының отырысында қарастырылады.