Мақаланы қазақ тілінде рәсімдеу үлгісі
ХҒТАР (grnti.ru) сайтынан алынады DOI ()
Мақаланың аты: шрифт Times New Roman, өлшемі – 12, қалың, жоларалық интервал – 1, ортасы бойынша туралау
А.А. Қасымбекова*1, М.Б. Наурызбаев2
1ЖОО атауы, Тұрғылықты қаласы, Мемлекеті
2ЖОО атауы, Тұрғылықты қаласы, Мемлекеті
(E-mail:кasimbek@mail.ru, nauryz@mail.ru)
Аннотация. Ғылыми мақаланың қысқаша мазмұнын, қозғалатын мәселенің өзектілігін, мақсаты мен міндеттерін, жүргізілген зерттеу жұмысының әдістерін қамтиды. Көлемі 200- 250 сөз аралығында. Әрбір мақалаға аннотация мен түйін сөздер орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде беріледі.
Түйін сөздер: 6-7 сөз немесе тіркес, үтір арқылы беріледі.
Кіріспе
Кіріспе келесі негізгі элементтерден тұрады: Тақырыпты таңдау негіздемесі; тақырыптың немесе зерттелетін мәселенің өзектілігі. Тақырыптың зерттелу деңгейіне сипаттама беру. Тақырыптың өзектілігі осы нысанды зерттеуге деген жалпы қызығушылықпен анықталады, тақырыптың теориялық және тәжірибелік маңыздылығымен расталады.
Әдебиетке шолу
Бұл бөлімде шетелдік ғалымдармен қатар зерттелетін тақырып бойынша отандық зерттеушілердің іргелі және жаңа еңбектеріне шолу жасалып, осы еңбектерді олардың ғылыми үлесі тұрғысынан талдау беріледі, сондай-ақ өз мақалаңызда сіздің толықтырып отырған зерттеудеу мақалыңызға да сипаттама жасалады.
Әдістеме
Бұл бөлім зерттеу әдістері мен деректердің жинақталу үрдісін, зерттеу әдісінің қолданылу барысын сипаттаудан, сондай-ақ қолданылған әдістердің толық сипаттамасынан тұруы керек.
Зерттеу әдістерінің сипаттамасы оны сапалық және сандық, немесе аралас тұрғыдан ұсынуды қамтиды. Материалдың сипаттамасы – тұжырымдар мен зерттеу әдістерінің дұрыстығын анықтайтын факторлардың бірі.
Нәтижелер және талқылау
Бұл бөлім жұмыстың негізгі тұжырымдамасын ашады және зерттеу нәтижелерін талдау мен талқылауды, сондай-ақ зерттеу барысында алынған нәтижелер бойынша қорытындыларды қамтиды. Нәтижелер мен талқылау – мақаланың ең маңызды бөлімдерінің бірі. Осы жұмыстың нәтижелеріне талдау жүргізу және оларды алдыңғы жұмыстармен салыстырғанда талқылау, талдау және қорытындылар жүргізу қажет.
Кестелер
Кестелер Microsoft Word кесте форматында жасалуы қажет. Кестелер нөмірленуі және мәтіндегі сандармен сәйкестендірілуі керек. Тақырып кестенің үстіне сол жақ шетінде орналастырыңыз, астына сипаттама, ескерту, түсіндірмені қосыңыз.
Кесте 1 – Кестенің тақырыбы
Төмендегі кесте (Кадыров, 2017) дереккөзі негізінде автор тарапынан құрастырылған.
Атауы |
Салыстырма |
Көрсеткіш |
А |
P |
105 |
В |
T |
273 |
Суреттер
Барлық суреттер берілу ретіне сәйкес цифрлармен нөмірленуі тиіс (1, 2, ...). Барлық фотосуреттер, диаграммалар, графиктер мен схемалар сурет ретінде белгіленуі қажет. Тақырыпты суреттің астына ортаға орналастырыңыз, қажет болған жағдайда астына сипаттама, ескерту, түсіндірмені қосыңыз.
Сурет 1 – Суреттің тақырыбы
Сурет kz ресми сайтынан алынған.
Суреттердің, кесте, графика мен диаграммалардың саны мақала көлемінің 20% -нан аспауы керек.
Қорытынды
Қорытынды бөлім қазіргі кезеңдегі жұмысты жалпылау мен қорытындылауды; алынған нәтижелерді ескере отырып, ғылыми білімдегі өзгерістер туралы автор пікірінің және қорытындының негізділігін растауды қамтиды. Тұжырымдар нақты болуы және ұсыныстарды немесе одан әрі жұмыс істеу мүмкіндіктерін сипаттай отырып, нақты ғылыми салалардағы зерттеулердің нәтижелерін қорыту үшін пайдаланылуы қажет.
Қорытындының құрылымы мынадай сұрақтарды қамтуы тиіс: Зерттеудің мақсаттары мен әдістері қандай? Нәтижелері қандай? Қандай қорытындылар бар? Әзірлемені енгізудің, қолданудың перспективалары мен мүмкіндіктері қандай?
Әдебиеттер тізімі
1 Зимняя, И. А. Психология обучения иностранным языкам в школе– Москва: Академия, 1991. – 199 с.
2 Tsinidou M., Gerogiannis V., Fitsilis P. Evaluation of the factors that determine quality in higher education: An empirical study // Quality Assurance in Education. – 2010. – №18(3). – P.227-244. DOI: https://doi.org/10.1108/09684881 011058669
3 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін жыл сайынғы тамыз конференциясы, 16.08.2019. – [Электронды ресурс] – URL: https://www.zakon.kz/redaktsiia-zakonkz/4981834-polnyy-tekst-vystupleniya-tokaeva-na.html (қаралған күні: 25.07.2023)
Авторлар туралы мәлімет:
А.А. Қасымбекова*1 – хат-хабар үшін автор, филология ғылымдарының докторы, шетел тілдерінің теориясы мен тәжірибесі кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университететі, Астана, Қазақстан. ORCID: 0000-0000-0000-0000
М.Б. Наурызбаев2– Ph.D докторы, бағдарлама директоры, Линкольн мемлекеттік университеті, Линкольшир, Англия. ORCID: 0000-0000-0000-0000
Мақалаға сипаттамалық нұсқау:
Мақаланың аты: шрифт Times New Roman, өлшемі – 12, қалың, жоларалық интервал – 1, ортасы бойынша туралау
Аннотация. Ғылыми мақаланың қысқаша мазмұнын, қозғалатын мәселенің өзектілігін, мақсаты мен міндеттерін, жүргізілген зерттеу жұмысының әдістерін қамтиды. Көлемі 200- 250 сөз аралығында. Әрбір мақалаға аннотация мен түйін сөздер орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде беріледі.
Түйін сөздер: 6-7 сөз немесе тіркес, үтір арқылы беріледі.
Мақаланың көлемі (атауын, аңдатпаны, түйін сөздерді, әдебиеттер тізімін, авторлар туралы мәліметтерді есепке алмағанда) 2 000 сөзді құрауы және 5000 сөзден аспауы тиіс.
Параметрлер:
Бет - А4, кітап бағыты, барлық жағынан шеттер - 20 мм, шрифт: Times New Roman, өлшемі – 12, жоларалық интервал – 1, азат жол – 1,25 см.
Мақаланың негізгі мәтіні мен әдебиеттер тізімінен кейін ағылшын тілінде және қазақ/орыс (мақаланың жазу тілінен басқа тілде) мақала атаулары мен аннотациялар беріледі.
Әдебиеттер тізімінде кириллица қарпімен ұсынылған жұмыстар болған жағдайда, әдебиеттер тізімін екі нұсқада ұсыну қажет: біріншісі – түпнұсқада (Әдебиеттер тізімі), екіншісі – романизацияланған алфавитпен (транслитерация) (Референс). Романизацияланған әдебиеттер тізімін транслитерациялау http://www.translit.ru сайтына сәйкес рәсімделеді. Әдебиеттер тізімі екі нұсқада берілген жағдайда екі нұсқаның арасында екі тілдегі аңдатпалар беріледі.
Авторлар туралы мәлімет үш тілде беріледі.