Мақалаларды ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар
Мақалаға сипаттамалық нұсқау:
Мақаланың аты: шрифт Times New Roman, өлшемі – 12, қалың, жоларалық интервал – 1, ортасы бойынша туралау
Аннотация. Ғылыми мақаланың қысқаша мазмұнын, қозғалатын мәселенің өзектілігін, мақсаты мен міндеттерін, жүргізілген зерттеу жұмысының әдістерін қамтиды. Көлемі 200- 250 сөз аралығында. Әрбір мақалаға аннотация мен түйін сөздер орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде беріледі.
Түйін сөздер: 6-7 сөз немесе тіркес, үтір арқылы беріледі.
Мақаланың көлемі (атауын, аңдатпаны, түйін сөздерді, әдебиеттер тізімін, авторлар туралы мәліметтерді есепке алмағанда) 2 000 сөзді құрауы және 5000 сөзден аспауы тиіс.
Параметрлер:
Бет - А4, кітап бағыты, барлық жағынан шеттер - 20 мм, шрифт: Times New Roman, өлшемі – 12, жоларалық интервал – 1, азат жол – 1,25 см.
Мақаланың негізгі мәтіні мен әдебиеттер тізімінен кейін ағылшын тілінде және қазақ/орыс (мақаланың жазу тілінен басқа тілде) мақала атаулары мен аннотациялар беріледі.
Әдебиеттер тізімінде кириллица қарпімен ұсынылған жұмыстар болған жағдайда, әдебиеттер тізімін екі нұсқада ұсыну қажет: біріншісі – түпнұсқада (Әдебиеттер тізімі), екіншісі – романизацияланған алфавитпен (транслитерация) (Референс). Романизацияланған әдебиеттер тізімін транслитерациялау http://www.translit.ru сайтына сәйкес рәсімделеді. Әдебиеттер тізімі екі нұсқада берілген жағдайда екі нұсқаның арасында екі тілдегі аңдатпалар беріледі.
Авторлар туралы мәлімет үш тілде беріледі.