Журналдың саясаты

Қазақстанның ғылымы мен өмірі халықаралық ғылыми журналының негізгі мақсаты: қазақстандық академиялық ғылым дәстүрлерін әлемдік жетістіктерімен байланыстыру арқылы басым сипаты бар ірі ғылыми зерттеулер нәтижесін жариялау. Журналда юриспруденция, филология және педагогика ғылымы салаларындағы бірегей және еш жерде жарияланбаған зерттеулер туралы хабарламалар басылады. Сонымен қатар, журнал жұмысына еліміздің оқу институттарының, университеттерінің және ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми қызметкерлері қатысады.

Ашық қол жетімділік саясаты. Зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік жалпыға бірдей білімнің артуына ықпал етеді деген қағидаға сүйене отырып, журнал мақалалары барлық тілек білдірушілерге тікелей қол жетімді (мақалалар мұрағатына сілтеме: www.naukaizhizn.kz).

Жариялау шарттары. «Қазақстанның ғылымы мен өмірі» журналының редакциясына түскен қолжазбалардың барлығы міндетті түрде анонимді рецензиялаудан өтеді. Алынған шолулар негізінде журналдың редакциялық алқасы қорытынды шешім қабылдайды.

  • Ғылыми зерттеулердің тұтастығын қамтамасыз ету үшін авторлар ғылыми жарияланымдардың халықаралық стандарттарын ұстануы қажет.
  • Мақала берген кезде автор мақаланың түпнұсқа екендігіне, яғни ол бұрын басқа дереккөзде ағымдағы немесе осыған ұқсас түрде жарияланбағанына; мақала басқа баспаларға берілмегеніне; авторлық құқықпен және мақаланы жариялаумен байланысты мүдделердің реттелгеніне кепілдік беруі тиіс. Атап айтқанда, жарияланған мақалалардың басқа тілдерге аудармалары қабылданбайды.
  • Авторлардың «Қазақстанның ғылымы мен өмірі» редакциясы мен журналға, ғылыми авторлық кәсібилікке, сайып келгенде, бүкіл ғылыми қоғамдастыққа нұқсан келтіруі мүмкін зерттеулер нәтижелерін бұрмалаудан аулақ болғаны жөн.
  • Зерттеу нәтижелері анық, деректер бұрмаланбаған, материалдарды жинау, іріктеу және өңдеудің тәртіптік ережелері сақталуы қажет.
  • Авторлардың орналасу тәртібі дұрыс көрсетілгеніне баса мән берілуі қажет. Өңдеу кезеңдерінде авторларды қосу немесе жою әдетте рұқсат етілмейді. Бірақ кейбір жағдайларда авторлардың келісімімен авторлық топқа ішінара өзгеріс енгізілуі мүмкін. Авторлардың өзгертілуі нақты түсіндірілуі керек. Мақаланы қабылдағаннан кейін авторларды өзгертуге рұқсат етілмейді.

Мақаланың барлық авторлары зерттеуге айтарлықтай үлес қосуы керек.